Гостиницы в Алматы
2016-03-28 20:29:46 506 0

Танымал әнші Тахмина Әшімбекова ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралмақ ниетте. "Жеңешем" деп аталатын жаңа ән жазған әнші енді клип түсіруді бастап кетті. Ол туралы Тахмина инстаграм парақшасында жазды.

"Жеңешем"-əніне клипті бастап кеттік.

Видео опубликовано @tahmina_ashimbekova

Айта кетейік, Тахмина осыдан біраз уақыт жыл бұрын үлкен танымалдылыққа ие əншілердің қатарында еді. Ұзақ уақыт сахнада көрінбей кеткен себебін әнші былай деп түсіндірді: "Әйел адамның бақыты – тұрмыс құрып, ана болу ғой. Өмірлік серігімді жолықтырып, отбасылы болған соң біраз уақытқа өнерді кейінге қалдыра тұруға тура келді. Екі-үш жылдай баламен үйде отырып қалдым. Жұбайымның қайтадан сахнаға оралуыма бастапқыда қарсы болғанын жасырмаймын. Менің өнерсіз өмір сүре алмайтынымды түсінген соң, кейіннен әйтіп-бүйтіп «сындырдық» қой".

Пікір жазу