2014 жылы «Қазақстан аруы» атанған Регина Вандышева «Әлем аруы-2015» байқауының фотосессиясына қатысты.
Бейнесі сұлулық сайысының сайтында жарияланатын алматылық арумен, елдегі танымал фотограф Данил Олейник қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Ал, образ атворы Аунур Рыспекованың студиясы. Үш сағатқа созылған фотосессияда, Регина Вандышева Sherri Hill үйінің көйлегін киді. Шерри Хилл әлемге әйгілі, голливуд жұлдыздарын «киіндіретін» дизайнер ретінде белгілі.
22 жасар «Қазақстан аруының» бос уақыты жоқ. Әлемдік сайысқа жан-жақты дайындық үстінде. Регинаға сәттілік серік болып, жеңіс тұғырынан көрнуіне тілектеспіз.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS