Кеше Лондонда Сән апталығы басталды. Қалыптасқан дәстүр бойынша бірінші күні атақты Central Saint Martins колледжінің студенттері өз топтамаларын ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық дизайнер Абзал Исса Беков те бар, деп хабарлайды Baistars.kz Buro247.kz порталына сілтеме жасап.
Central Saint Martins колледжінің магистр-студенттерінің бітіру көрсетілімі аса маңызды рөлге ие. Жалпы алғанда, студенттер жобаларын үлкен сахнаға тұңғыш шығарады. Көбіне осы шоудан кейін жас дизайнерлердің болашағы шешіледі – олардың кейбірі атақты сән үйлеріне шақырту алуы мүмкін. Бұл маусымда қазақстандық Абзал Исса Бековке өз топтамасын таныстыруға мүмкіндік туды. Басқа да жас дизайнерлермен Абзал сегіз образдан тұратын ерлерге арналған мини-коллекциясын ұсынды. Оған қара, ақ пен сұр реңкті, сонымен қатар ақ-қара торлы классикалық костюмдер кірді. Костюмдерді бір-бірінен пиджактарының ұзындығы (бір образда ол өте ұзын және көбіне пальто-халатқа ұқсайды), ені мен лацкандарының пішіні ажыратады.
Бұдан өзге, пиджактың жеңіне жалғасқан, дәл сол матадан тігілген ұзын перчаткалардың болуы ұтымды көрінді. Классикалық шалбарлармен қатар, коллекцияда 20-шы жылдардың стиліндегі үлгілер болды – жамбас жағы ғана емес, белі де кең, бірақ қарапайым матадан жасалған белдікпен буылған шалбарлар. Оларды латекс топтар, майкалар мен ұзын перчаткалар толықтырып тұр.














Сурет: buro247.kz

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS