«Ең алдымен бейбітшілік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ата-бабамыз қасық қаны қалғанша шайқасып, қорғаған осы жер біздің болашағымыз, бақытымыз үшін ғой. Сондықтан, ең бастысы тәуелсіздікті қастерлейік дегім келеді», - деген Д.Құдайберген жаңа жылдағы жоспарларымен де бөлісті.
«Жаңа жылда біз қай қалада болмасақ та, дәл 31 желтоқсан күні отбасымызбен бас қосамыз. Бұл бізде дәстүрге айналған. Мен өзім Астанада тұрамын, алайда, әке-шешем, ата-анам Ақтөбеде тұрады. Сондықтан, мен жаңа жылды міндетті түрде Ақтөбеде жақын-туыстарыммен қарсы аламын», - деді әнші.
Сонымен қатар, әншіден жаңа жылда жақындарына қандай сыйлық жасауды жоспарлап отырғаны жайында сұраған едік.
«Жалпы, сыйлық тек материалдық тұрғыда ғана болмауы керек деп ойлаймын. Сондықтан, бұйыртса, жақсы жаңалықтарыммен қуантпақпын.
Сондай-ақ, жаңа жылға қарай «Ұмытылмас күн» атты өзімнің композиторлық жұмысыма бейнебаян түсіріледі және келер жылдан бастап алғашқы шығармашылық кешіме дайындық жұмыстарын бастамақпын. Сондай-ақ, бір үлкен байқауға дайындалып жүрмін. Алайда, бұл қандай байқау екені әзірше құпия қалсын», - деп бөлісті Д.Құдайберген.