«Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы көпшілікке танылған актер Асылхан Төлепов сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті — деп хабарлайды baistars.kz. Актер Алматы қаласы Наурызбай ауданынан мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген болатын.
Актер өз инстаграм парақшасына: «Биылғы Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы — мемлекеттiгiмiздiң өсiп-өркендеп, нығаюындағы аса маңызды белес. Мен егемендiктiң асқақ рухынан қуат алып өскен жастардың төл өкiлiмiн. Жастар қашан да қоғамның қозғаушы күшi, белсендi бөлiгi болып келедi. Бiздiң сүйiктi қаламыз әрбiр адамға бақуатты өмiр сүру үшiн өз еңбегiне қарай табыс табуына мүмкiндiктер бередi, бұл — мегаполистiң бiз ұстануға тиiс қағидасы. Өйткенi жұмыспен қамту мен қоғамның тұрақты дамуы бiздi ортақ жеңiске жеткiзетiн басты құндылық. Жаңа аудан — жаңа белес!» — деп жазды.

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS