Гостиницы в Алматы
2017-05-11 09:45:14 28 0

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық қарымта матчында «Атлетико» өз алаңында «Реал Мадридті» 2:1 есебімен жеңгенімен, финалға жолдама ала алмады.

Мадридтік қос ұжымның жартылай финалдың теке-тіресінінің қорытындысы бойынша, корольдық клуб қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Осылайша, «Реал Мадрид» командасы екінші жыл қатарынан финалға шығып отыр. Ақтық ойында корольдық клуб Туриндік «Ювентуспен» кездесетін болады. Бұл жайында alzhan.kz мәлімдеді

«Атлетико» — «Реал Мадрид» (2:1)

Голдар: 12′ Сауль , 16′ Гризман (пен), 42′ Иско. 

Естеріңізге салайық, «Ювентус» кешегі өткен екінші жартылай финалдық ойында «Монаконы» өз алаңында 2:1 есебімен жеңген еді.

Пікір жазу