Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жүлдесіне арналған «ЭКСПО-2017» Кубогында талай жарыста маңдайы жарқыраған таңдаулы жүйріктер бәйгенің алты түрінен сынға түседі. Бәйге қызығын Елбасының өзі тамашалайды деп жоспарланған. Бұл айтулы жарыстарға бес мемлекеттен және еліміздің барлық өңірлерінен сәйгүліктер қатысады деп күтілуде. Бұл жайында alzhan.kz сайты Ұлттық спорт қауымдастығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Аталмыш дүбірлі дода 11 -маусым күні Астанадағы «Қазанат» атшабарында болмақ. Жарысқа қатысушылар ұлттық спортымыздың төмендегідей түрлерінен сынға түседі:
25 шақырымдық қашықтықта – «Аламан» бәйге.
2,4 және 1,8 шақырымда –«Ұшқыр аттардың» жарысы.
15 шақырым қашықтықта – «Топтық» бәйге.
7 шақырымдық – «Құнан» бəйге.
7 шақырымдық - «Жорға» бəйге.