Гостиницы в Алматы
2017-05-17 10:42:08 27 0

 Жақында ғана Кәсіпқой бокста ел намысын абыроймен қорғап жүрген 26 жастағы Жанхош Тұраров (20-0-14 КО) өзінің кезекті кездесуін, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның (23-0, 19 КО) қатысуымен болатын бокс кешінде өткізетіні жайлы хабарлағанбыз. Енді міне, Жанхоштың қарсыласының кім екені анықталды. Отандасымыздың қарсыласы Мексиканың 3 дүркін чемпионы Густава Гарибай болмақшы.

Бұл жөнінде Жанхош: «Ассалаумағалейкүм, Алаш жұрты! Менің келесі қарсыласым белгілі болды. Жекпе-жегім 26 мамыр күні, АҚШ-тың Флорида қаласында, Мексикалық Густава Гарибаймен болады. Густава WBC Latin America чемпионы жəне Мексиканың 3 дүркін чемпионы. Флорида қаласында өтетін бұл жекпе-жек кешінде Қанат Ислам ағамыз да жұдырықтасады. Біздің рингтегі айқасымызды "Kazsport" жəне "Қазақстан" арнасының тікелей эфирінен, 27 мамыр күні таңертең көре аласыздар. Жеңіспен елге ораламыз бұйыртса! Жанкүйерлердің қолдауын күтеміз!!! Алла жар болсын! Іске сəт!»,-деді өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Жанхош Тұраров кәсіпқой бокста 20 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Өзнің соңғы кездесуін ол 29 қазан күні «Алматы Арена» спорт кешенінде ганалық Исаак Аримен кездесіп, жеңіске жеткен еді.

Пікір жазу