Гостиницы в Алматы
2017-05-16 10:47:51 36 0

WBO тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Билли Джо Сондерс WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің америкалық Дэниэл Джейокбсты неліктен бұрынғыдай қарқынмен мерзімінен бұрын жеңбегеніне қатысты пікірін BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында айтты.

"Соңғы жекпе-жегінде Головкин бір екі-үш жыл бұрын көріп жүрген өзінің мықты нұсқасын байқатпады. Ол баяу. Мұның барлығы Джейкобспен жекпе-жегінің алдында өткен бес бірдей допинг сынағына байланысты, меніңше. Ол өз мүмкіндігінің шыңында жұдырықтаса алмады, себебі осы жекпе-жек әділ өтті", - деп келтіреді Сондерстің сөзін басылым. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин биыл наурызда Нью-Йоркте Джейокбсты төртінші раундта нокдаунға түсіріп, 12 раундтың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңген болатын.

 

Пікір жазу