Гостиницы в Алматы
2017-05-16 16:50:21 78 0

Биылғы жылы өтетін 70-Канн кинофестивалінде “Қазақстан ұлттық павильоны” ашылмақ. Павильонның ашылуында танымал әнші Димаш Құдайберген ән орындайды.

19 мамыр күні павильонның ашылуына орай ресми қабылдау мен концерт өкізіледі, оған қазақстандық жұлдыздар ат салыспақ, олардың арасында скрипкашы Айман Мұсаходжаева мен әнші Димаш Құдайберген бар. Қазақстан павильонына Канн қаласының мэрі келеді деп жоспарланып отыр. Павильон 17-28 мамыр аралығында жұмыс істейді. Бұл жайында stan.kz мәлімдеді.

«Қазақстан киноиндустрия өнімдері Каннда алғаш рет таныстырылады», -деді Қазақстанның мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Пікір жазу