Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи-көркем фильмі осы жылдың 3-желтоқсаныннан бастап көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің жетекшісі Алмаз Жұмағұлов мәлім етті. Негізі, кинокартинаның алғашқы көрсетілімі мамыр айында Семей қаласында болған.
«Құнанбай» көркем фильмі ақын, дана, ойшыл, Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының өмір жолы мен сол ғасырдағы қазақ қоғамы, елдің жай-күйі туралы түсірілген кинотуынды. Фильм сценариін Досхан Жолжақсынов жазушы, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұловпен бірлесе отырып жазған. Фильмде басты рөлдерде Құнанбайды Досхан Жолжақсынов , Зерені Нұрсифат Салықова, Абайды Әліби Сырайлы, Барақ сұлтанды Айдос Бектеміров, Күңкені Майра Омар, Ұлжанды Қарагөз Сүлейменова сомдайды.
Айта кетейік, бұл Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың екінші режиссерлік жұмысы. Ол осыған дейін «Біржан сал» көркем фильмін түсіріп, басты рөлді сомдаған болатын.






Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS