Кино & театр

Тимур Бекманбетовтың жаңа фильмі АҚШ-та прокатқа шықты

Режиссер Тимур Бекмамбетовтың “Unifriended” фильмі АҚШ-та прокатқа шықты. Шағын бюджетті хоррор фильмінің ұзақтығы — 80 минут. Рөлдерді сомдаған жас актерлердің есімі көпке таныс емес.

Сюжет желісі бойынша оқиға былай суреттеледі: алты жасөспірім Skype арқылы бейнебайланыспен сөйлесіп отырады. Күтпеген жерден, желіге олардың бір жыл бұрын өзіне қол жұмсаған сыныптасының бейнесі қосылады. Яғни, түсірілімнің барлық процессі монитор бетінде жүргізілген.

Бұл картина режиссердің ойында көптен жүрген еді. Тың идея іске асып, YouTube порталындағы трейлерінің өзі көпшіліктің қызығушылығын оятты. 80 минут бойы экранда болып жатқан нәрсені қорқынышпен қарауға кез келгеннің батылы жете бермесе де, бұл кино саласындағы Тимур Бекмамбетовтың бағындырған жаңа белесі.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

d959a024685e67a7c5c48d208e498e82

Сеньор Сәбит жасөспірімдер театрына директор болды

627 рет оқылды25.04.2015
90.189.192.11_788

Бекмамбетовтың фильмі Голливудтың үздік үштігіне кірді

504 рет оқылды25.04.2015
photo

Желтоқсан туралы танымал үш шығарманың бірі —  менің пьесам

539 рет оқылды24.04.2015
зал

Голливуд персонаждарын қазақша сөйлеткен кімдер?

451 рет оқылды23.04.2015
3_220

Тұрсынбек Қабатов оралдық жерлестеріне 500 мың теңге аударды

1 261 рет оқылды18.04.2015
prikaz

Қазақстанда төрт сериялы соғыс драмасы түсіріледі

720 рет оқылды11.04.2015