Гостиницы в Алматы
2016-02-02 10:41:49 2609 0

Абай Бегейдің екінші рет үйленгендігі жайлы ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды Baistars.kz. Бұл туралы сайтымызға әншінің PR-менеджері айтты.

"Орамалды арумен түскен суреті жай ғана сурет. Оған қыз атаулымен суретке түсуге болмай ма?" - деді әншінің өкілі.

Айта кетейік, желіде Абай Бегейдің екінші рет үйленгендігі жайлы ақпарат пайда болды. Бұған әншінің орамалды арумен түскен суреті түрткі болған. Әнші ол суретке ешқандай пікір де жазбаған. Осыған байланысты оқырмандары оның екінші рет үйленгендігін болжап, әйелінің қазасынан жыл өтпей жатып шаңырақ көтергенін сынады. Абай Бегейдің әйелі жарты жыл бұрын жүрек ауруынан қайтыс болған еді. Екеуінің ортақ төрт баласы бар.

Алайда әнші жеке өмірінен бұрын, шығармашылығын қолға алған. Ол Кубаға бейнебаян түсіру үшін аттанғалы жатқанын жазған болатынбыз. Және де жақында ғана Абай Бегей "Жаным-жаным" атты су жаңа әнін ұсынды. Оны сайтымыздан көшіре аласыздар.

 

Пікір жазу