Гостиницы в Алматы
2017-06-02 17:56:56 119 0

ӘЙГІЛІ ДЖЕКИ ЧАН МАУСЫМ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ

2017 жылдың 7-18 маусым аралығында Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалі өтеді. Шараға әйгілі актер Джеки Чан да қатыспақ.

Кинофестиваль барысында қазақстандық көрермен назарына 6 кино жауһарлары ұсынылады. Бұл жайында inform.kz мәлімдеді. Олардың үшеуі - Қытайдағы ең таңдаулы кинотуындылар. Атап айтсақ Джеки Чанның қатысуымен түсірілген үнді және қытайдың бірлескен киносы «Кунг-фу йога» (Қытайда 18 млн юан - 2,63 млн доллар жинады).

2) Қытай-француз фильмі «Қасқыр тотемі» (7 млн юан, адамның жануарлармен байланысын көрсетеді. Оқиғасы ҚХР Ішкі Моңғолия автономдық ауданында болған).

3) «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз» (5,1 млн юан, Оскар-2015 кино сыйлығында Қытайды танытқан фильм).

Қалған үш картинаның танымалдығы жоғары емес, алайда оның да өз қазақстандық көрермендерге айтары бар. Мәселен, Өмірде болған оқиғалар желісімен түсірілген «Шынайы махаббат» фильмінде алты түрлі ұлттың 19 баласын асырап алған ұйғыр әйелінің өмірі баяндалады. Ал «Іле өзені» ара шаруашылығымен айналысатын отбасының өмірі жайлы айтылса, «Гүл» картинасында Қытайдағы қазақ әртіс қызының тағдыры көрсетілетін болады.

 

Пікір жазу