Жаңа туынды ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қаза тапқан бес миллиондай қазақтың рухына арналған. Мұхтар Мағауиннің әңгімесінің желісі бойынша түсірілді. Сценариін жазған Серік Әбікенұлы. Фильмге Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрдың және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының актерлары қатысты. Бұл жайында inform.kz мәлімдеді.
«Бір уыс бидай» - бір отбасы трагедиясы арқылы тұтас ұлт қасіретін көрсетуді мақсат етеді. Шығармашыл ұжым нәубет жылдардағы қазақ халқының басындағы қасіретті шынайы жеткізуге тырысты. Түсірілім жұмыстары Алматы облысының Қаратал ауданы маңында жүргізілді. Көркем фильм 31 мамыр күні сағат 20:35 те «Жетісу» арнасының эфирінен көрсетіледі.