Режиссер Талғат Теменовтің айтуынша, фильмнің прокатқа шығуы қыркүйек айына жоспарланған. Алайда министрдің жеке бастамасымен, балалар мерекесіне орай оның «жабық көрсетілімін» өткізу ұйғарылған.
Картина режиссері айтып өткендей, Биболдың рөліне үміткерлердің саны екі мыңнан асқан екен. Соның ішінен іріктеп алынған Әнуар Төлеуғажы Есік қаласынан табылыпты. Бұл жайында baq.kz мәлімдеді.
«Біз бұл фильмді бас-аяғы 19 күннің ішінде түсіріп шықтық. Төлеубек Аралбай басты рөлдегі қарияны сомдады. Бұны «Қазақфильмдегі» бюджеті ең аз фильм деуге болады. Оған картинаның продюсері Ахат Ибраев көп көмек көрсетті», - дейді Талғат Теменов мырза.
Қысқаша, фильмнің сюжетіне тоқталатын болсақ, Астананың жайма-шуақ күнінде жетімдер үйіндегі қиялшыл бала Бибол арманындағы атасын іздеп, Қасымхан ақсақалға жолығады. Қасымхан – жақында ғана жан жарынан айырылып, туған қызынан қамқорлық таппай, сергелдеңге түскен қарт. Бибол оны қиялындағы атасына ұқсатып, қыр соңынан қалмай, екеуі айналдырған үш күннің ішінде бірнеше шытырман оқиғаны бастан кешіреді. Қайғыда да, қуанышта да бірге болған екеуі ақыры бір-біріне бауыр басып қалады.
Бұл картинада бауыр еті баласын жетімдер үйіне тапсыратын безбүйрек ана мен тас бауыр әке, ата-анасына қайырымсыз қыз бен жастар арасындағы жұмыссыздық сынды әлеуметтік проблемалар да көрініс тапқан.