Гостиницы в Алматы
2017-05-19 20:04:01 171 0

Сіздердің назарларыңызға қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) осы уақытқа дейінгі өткізген кездесулерінің ең үздік 10 нокаутын ұсынамыз.

1)Қарсыластарын тек күліп қарсы алатын GGG-дің нокауттарының үздігі жапондық Нобухиро Ишидомен кездесуде орын алды. Ишидо 2 раунд лайықты қарсылас болғанымен, 3-ші раундта ұйқыға кетті.

2)Екінші орынға британдық Мэттью Макклинмен  өткізген бокс кешін қоюға болады. Бұл кештен соң британдық боксшы өздігінен орнынан тұра алмаған.

3) Ал Оңт.Африка Республикасынан келген Тшепо Машегоның қателігін пайдаланған Головкин, бірінші раундта нокаутқа жіберді.

4) Головкиннің америкалық Лахуан Саймонмен өткізген жекпе-жегі де ең жылдам аяқталған кездесулердің бірі. Саймон да бірінші раундта нокаутқа кетті. Тек Тшепомен салыстырғанда рингте есін ұзақ уақыт жинай алмады.

5) Габор Балогтың алған соққысын үздік нокаут қатарына қостық. Жерлесіміз Головкиннің ең алғашқы қарсыласы венгриялық Габор Балог болған еді. Кездесудің екінші минутында қатарынан алған екі соққыға шыдамаған Балогтың жағы орнынан тайып кетті. Осыдан соң Габор орнынан қозғала алмаған.

6) АҚШ-та өткізген кездесуде Головкиннің қарсыласы Гжегож Прокса болды. Бірақ, Прокса лайықты ойын көрсете алмады. Кездесуде үш рет есін жоғалтқан ол, бесінші раунттан әрі шыдай алмады.

7) Британдық  Мартин Мюрреймен өткізген жекпе-жегі Головкиннің ұзаққа созылған кездесулерінің бірі. Үнемі есін жоғалтуға шақ жүрсе де, Мюррей 11 раунд бойы Генаның соққыларына шыдаған.11 раундта қазылар шешімімен жекпе-жекті тоқтатты.

8) Үздік сегіздікті 2014 жылы  Дэниэл Гилмен өткізген жекпе-жек толықтырады. 3 раундқа шыдаған австралиялықты, екінші раундта құлатқанымен, ойын жалғасын тапты. Ал келесі алған соққысына шыдамаған Гил жекпе-жектен өз еркімен бас тартты.

9) Америкалық Кертис Стивенс жекпе-жек сәтіне дейін Головкинге түрлі қоқан-лоққы көрсетіп, кездесуді жеңіспен аяқтайтынын БАҚ арқылы жеткізген болатын. 8 раундқа созылған кездесудің 2-ші раунды жанкүйерлердің есінде ерекше сақталды. Себебі, нокаут алған Стивеннің таңқалысында шек жоқ еді. Тіпті бұл кейінірек әзілге айналды.

10) Ойындардың ішінде ресейлік Михаил Макаровпен өткізген кездесу де ел есінде. Бұл Головкиннің 18-ші кездесуі еді. Екі раунтқа созылған жекпе-жекте Макаров 3 нокаут алып үлгерді. Үшінші соққыдан соң ресейлік боксшы жекпе-жекті жалғастыруға жарамады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 16-шы қыркүйегінде Головкинмен Альварес арасында жекпе-жек болады. Бұл кездесуді асыға күткен жанкүйерлер қатары көп-ақ. Ал кездесу өтетін спорт кешені әлі таңдалмады.

Пікір жазу