Гостиницы в Алматы
2016-12-24 17:50:41 114 0

Генерал Бахытжан Ертаев: "Алмас қылыш" фильмін көріп, көзіме жас келді

Генерал-лейтенант Бахытжан Ертаев "Қазақ елі" сериалының кинофильм нұсқасы "Алмас қылыштан" алған әсерімен бөлісті деп хабарлайды Today.kz.

"Фильм халқымыздың күші мен рухын айқын көрсете алған. Киноның премьералық көрсетілімі кезінде көзіме бірнеше рет жас келді. Әсіресе, Қасым мен Мұхамед анасының қазасының алдында оның тілегін міндетті түрде орындауға уәде берген кезі қатты әсер етті. Кинокартина көрерменді сол кезеңге алып кетеді. Тіпті, залда отырғанда қолыңа қылыш алып, ата-бабаңмен бір сапта тұрып, жауға қарсы Отаның үшін соғысқың келіп кетеді",-деді Бахытжан Ертаев.

"Алмас қылыш" фильмін режиссер Рүстем Әбдірашев түсірген. Фильмнің республикалық деңгейдегі премьерасы 2017 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған.

Пікір жазу