Ақан Сатаев «Тұмар» фильмін түсіретіндігін осыдан екі айдан астам уақыт бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген отырысында мәлім еткен болатын. «Осы жылы біз Мәдениет министрлігімен бірлесіп «Тұмар» тарихи фильмін түсіруді бастағалы отырмыз. Сапалы дүние шыққан жағдайда ол отандық көрерменнің де, шетелдік аудиторияның да қызығушылығына ие бола алатынына сенімдімін. Тұмар патшайым - әлемдік тарихтің барысына ықпал еткен тұлға. Кинопрокатымыздың географиясын кеңейту үшін мұндай жобаларды жасау керек деп санаймын. Себебі бұл елдің халықаралық имиджінің қалыптасуына оң әсер етеді», - деген еді режиссер.
Фильмнің кастингі жайлы inform.kz сайты хабарлады.
Кастингтің өтетін орны: Астана қаласы, Ілияс Есенберлин көшесі 10, «Жастар» театры. Сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін. Жас санаты: 16-жасқа дейін, ұлтына шектеу жоқ.