Гостиницы в Алматы
2017-05-10 09:53:16 447 0

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын әнші Ернар Айдар жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. Екі күн жансақтау бөлімінде жатқан әншінің тілеуін туғандарымен қатар әріптестері, барша қазақ тілеген. Міне араға біраз уақыт салып, Ернар аяққа тұрды. Мұны ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына салды.

 

«Қымбатты қазақ елі ! Алланың қалауымен араға 1 ай уақыт салып бүгін міне өз күшіммен аяққа тұрып, тәй-тәй басқан жайым бар . Еліміздің медицинасына басымды ием, қысқа мерзімде сауығуға айтулы қадам бастырып отыр.

Сіздердің маған тілеген дұғаларыңыздың қабыл болуы деп білем ! Дегенмен, алдағы уақытта жағдайымды одан да жақсарту мақсатында, көрші Қытай немесе Корея еліне сапарға шықпақ ойым бар. Рақмет сіздерге, менің тілекшілерім»,- деді Ернар Айдар.

 

Пікір жазу