Гостиницы в Алматы
2017-05-11 16:54:35 209 0

ЖАҚЫНДА «МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Мен қазақпын" атты xалықаралық мегажобаның басталатынын жариялады.

Байқаудың басты мақсаты - қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу. Ол үшін арнайы топ әрбір облысты аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді. Оқ бойы озық шыққандар телевизиялық байқауға жолдама алады. Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі  - 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс. Жобаға Қазақстан азаматтарынан бөлек, Ресей, Қытай мен Моңғолия жерінде тұратын қандастарымыз да қатыса алады. "Елбасы руxани жаңғыру жөніндегі жалпыұлттық идеяны жариялағанда жаңғыру үдерісі міндетті түрде елдің ұлттық руxани тамырынан нәр алуы тиіс екенін атап өткен болатын. Біздің руxани тамырымыз - ата-бабадан мирас болып қалған салтымыз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз десек, соның ішінде дәстүрлі әншілік, күйшілік және термешілік өнердің орны ерекше. Осы бірегей өнерді лайықты дәріптеу - елдік, бірлік идеясын іске асырудың аса ұтымды құралы. Осыны ескере отырып, біз, министрлік пен "Қазақстан"ұлттық арнасы, "Мен қазақпын" атты телевизиялық мегажобаны ұсынып отырмыз»,-деді өз сөзінде Даурен Абаев. Бұл жайында inform.kz мәлімдеді.

"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Кариннің айтуынша, байқаудың алғашқы іріктеу турлары 5 маусымда Алматы облысында басталады. Ал шет елдердегі конкурстар шілде айында ұйымдастырылмақ. Осыдан кейін көрермен қауым байқаудың күнделігі мен негізгі конкурсын теледидардан көре алады.

 

Пікір жазу