Гостиницы в Алматы
2016-12-26 12:20:53 37 0

Ұлы Британияда танымал әнші Джорж Майкл дүниеден озды деп хабарлайды BBC.

Дәрігерлер 53 жастағы әнші Оксфордшир графтығындағы үйінде өз өлімімен қайтыс болды деп мәлімдеді. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері де ешқандай зорлық-зомбылықтың ізін көрмегенін айтты.

Танымал әнші қазасының негізгі себебі әлі нақтыланған жоқ. Бізге белгілі ақпарат бойынша, ол соңғы уақытта диджей Naughty Boy-мен бірге жаңа альбом жазу үстінде болған.

Джорж Майкл 1963 жылы 25 маусым күні Лондон қаласында Грекиядан көшіп келген эмигранттардың отбасында Георгиос Кирьякос есімімен дүниеге келген.

Джорж Майкл

Пікір жазу