15 жылдық мерейтойын өткізген "Музарт" 2017 жылды демалыспен бастамақ. 2-3 айға созылатын үзілісте тойға шығып қоймау үшін топ әншілері шаштарын тақырлап алып тастауға бекінген.
"Музарт" тобы 15 жылдан кейін 2-3 айға үзіліс алайын деп жатырмыз. Біз әдейі тойға шығып қоймайық, жұмыс істеп қоймайық деп бірнәрсе ойлап таптық. Шашымызды алып тастау керек болды. Өйткені шыға алмай қаласың бәрібір, амал жоқ. Бір-бірімізден демалайық дедік. Бір шетінен сол демалыста әндер жазайық дедік. Өйткені біз 1 өлең жазсақ ертесіне тарап кетіп жатыр. Ешқайда шығармай, студияда 1 альбом жазып тастасақ па деп жатырмыз.
Өзім де 4-сыныптан кейін тақырлап алып көрмедім, өзіме де қызық болып тұр. Бірақ үйдегілердің бәрі қарсы. Сәкен жәйлап ол әңгімеден қашып жатыр. Миллион беремін, екі миллион беремін деген әңгімелер болып жатыр. Бірақ әлеуметтік желілерге бәрібір салмаймын. Тығылып жүремін, үйден шықпаймын",-деді Мейрамбек Беспаев.
"Музарт" тобы биыл "Музарт Live" жобасын өткізіп, өздерінің ізбасарларын іріктеп алды.

Пікірлер