Гостиницы в Алматы
2016-12-30 14:03:29 12 0

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы бағаны төмендету бойынша жүргізілген электронды сауда арқылы сатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жекешелендіру және жекешелендіруді бақылау бөлімінің басшысы Любовь Казоринаның айтуынша,  бастапқы құны 95 миллион 915 мың теңге болған "Тобыл" футбол клубының мемлекеттік үлесі 23 миллион 978 мың теңгеге сатылды.

Сатып алушы табылмағандықтан алғашқы саудалар сәтсіз аяқталды. Жаңа сатып алушының аты-жөні әзірге жарияланбады. Оның Қазақстан азаматы екені ғана белгілі.

 

Тобыл

Пікір жазу