Гостиницы в Алматы
2016-12-28 16:07:07 120 0

"Феникс" фильмінен қаражат жымқырды деген күдікпен режиссер Талгад Жәнібеков тұтқындалды

Режиссер Талгад Жәнібеков ұсталып, Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін оны "қылмыс орнында құрықталды" деп ұстап әкетті. Ұстау туралы қаулыда солай жазылған. Күлкілі. 72 сағатқа ұстау үшін адам қылмыс орнында ұсталуы керек", - деп хабарлады күдіктің адвокаты Серік Айтбаев.

Осыған дейін режиссер Талгад Жәнібеков ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілген. Адвокатының мәлімдеуінше, бұлтартпау шарасын өзгертуге прокурордың немесе тергеу соттың санкциясы қажет.

"Сондықтан осындайды ойлап тапқан, 72 сағат ұстау үшін. Бізге 1000 АЕК көлемінде кепілақы беру туралы ресми түрде хабарлады, сонда ғана барлығы жақсы болады екен", - деді Серік Айтбаев.

Талгад Жәнібеков "Феникс" фильмінің түсіріліміне деп бөлінген қаражаттың жымқырылуы ісінде күдікті. Режиссерге сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе жұмсап қойды деген күдік бар. Оның кінәсі дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Феникс" фильмі бойынша танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталып, кейін кепілақы төлеген соң босатылған. Ол 79 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Ол өз кінәсін мойындап, қаражаттың 6 миллион теңгесін қайтарған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, актер "Қазақфильмге" қарызды өндіріп беруге уәде еткен.

Пікір жазу