Гостиницы в Алматы
2016-04-07 12:20:35 566 0

Қазақстандық Димаш Әділет интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін Mensa халықаралық ұйымының мүшесі болды, - деп хабарлайды Baistars.kz. Бұл туралы ол Инстаграмдағы жеке парақшасында мəлімдеді.

"Шамамен бір ай бұрын мен бірінші рет стандартталған IQ-тест тапсырып көргім келді. Таяуда оның қорытындысын алдым, қуанышыма орай, 99 пайыз көрсеткішін алғаным үшін мені Мensa International ұйымына кіруге шақырды", - деп жазды Димаш.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұйымда Қазақстанның басқа өкілі жоқ. "Мен ел имиджін осы ұйымда қолдағаныма қуаныштымын, адамзат интеллектінің дамуына да қолдау әрі үлес қосқым келеді", - деп жазды Димаш.

Mensa International - 1946 жылы негізін қаланған интеллекті коэффициенті жоғары адамдарды біріктіретін халықаралық ұйым. Стандартталған IQ тестілеуінен 98 пайызынан асырып жинаған кез келген адам ұйымға мүше бола алады.

Алматылық Димаш Әділет Instagram-дағы ең бай балалар тізіміне еніп, ағылшындардың назарын аудартқаны жайлы осыдан біраз уақыт бұрын жазған болатынбыз.

Димаш Əділеттің кім екені жайлы мына мақаладан оқи аласыз.

Пікір жазу