Гостиницы в Алматы
2017-05-20 19:06:55 47 0

31 арна "I’m a Singer" талант-шоуының қазақстандық нұсқасын жасауға кірісті.

Халықаралық кастинг маусым айында басталады. Іріктелген 14 үміткер ең үздік әнші деген атаққа таласады. Кастинг тек қана еліміздің аймақтарында ғана өтпейді. Қазақстан алғаш рет Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Украинадан келген қатысушыларды қабылдайды. Бұл жайында tengrinews.kz сайты хабарлады.

«Шоуға сондай-ақ ҚХР-дан келген әртістер де қатысады. "I’m a Singer форматы Got Talent, X Factor, The Voice сияқты жанрлық жағынан ұқсас жобалардан айтарлықтай өзгеше, - деп жазды өзінің Фейсбуктегі парақшасына 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов.

Оған тек қана кәсіби музыканттар, болмаса төлтума таланттар ғана қатыса алады. Оркестрдің немесе кәсіби джаз-бэндтің сүйемелдеуімен әлемдік эстраданың әртүрлі жанрдағы суперхиттері ғана орындалады. Ал ең бастысы, жоба қатысушыларын сұрыптау механизмі мүлде басқаша әдіспен жүреді. Әншілерге студиядағы көрермендер дауыс береді. Одан соң ең мықты деген жеті қатысушы іріктеліп, барлығы финалға дейін ән салады. Соңында солардың үшеуі ғана жеңімпаз атанады. Мұндай әдіс телекөрермендерді көптеп тартуға көмектеседі. Сондай-ақ көрермен шоудың финалында өзіне ұнаған әншіні айна-қатесіз анықтауға мүмкіндік алады.

Пікір жазу