Гостиницы в Алматы
2017-05-20 11:19:56 117 0

Францияда 96 жастағы әже Димашты бір көруді армандап жүр. Ұлының айтуынша, анасы Мамахи Димашты сүйіп тыңдайды

 Францияда Эдгар есімді азамат Димашқа өтініш білдірген екен. Ол өз хатында анасының өтініші туралы жазған. Бұл жайында stan.kz хабарлады.

«Димаш, сізге анамның жалғыз тілегі туралы айтып бергім келеді. 96 жастағы Мамахи есімді анам сізді қатты жақсы көреді. Сөзіме сеніңіз. Ол маған соңғы тілегін айтып жатыр. О дүниеге аттанбас бұрын, сізді өз көзімен көргісі келеді. Күн сайын сіз туралы жаңалықтар айтып отыруымды сұрайды. Соңғы шыққан әндеріңізді тыңдап, видеоларыңызды қарайды. Мен оған осы арманын орындауға уәде еттім. Жаратушым маған көмектесер деген үміттемін. Ізгі ниетпен,  Эдгар», – деп жазылған хатта.

Пікір жазу