Гостиницы в Алматы
2017-05-18 17:32:55 258 0

Қыдырәлі әр баласын құшақтаған сайын Қарақатқа ессіз ғашық екенін айтып, асықтай 4 ұлдан кейін қыз сыйлаған жарына сезімін білдірді.

«Алла бере салғанымызды аман-есен үйге алып келдік! Әр бөпеміз дүниеге келген сайын үмітпен “жаны аман қалса екен” деген тілекпенен періште сәбиіңді асыға күтесің. 9 ай көтеріп, әр сәбиді өмір мен өлімнің арасында дүниеге әкелетін әрбір анаға тоқтай қалып, басыңды игің келеді! Қақатымның жанын аман-есен қалдырып, отбасымызды бақытқа бөлеген, жүрегімізді қуанышқа кернеткен Аллаға сансыз мадақ! Әр сәбиді дүниеге әкелген сайын жүзі нұрлана түсетін асыл жарыма шексіз рахмет айта отырып, әр сәбиімді құшақтатқан сайын өзіңе қайтадан “ессіз” ғашық болатынымды “сыпайылап, сыбырлап, қуанышты да салтанатты” түрде жеткізгім келеді.

Сүйем сүйгенді.

Сүйіп туғанды.

Шапан кигенді.

Жөргек жуғанды!

Сүйем сүйгенді.

Шашын түйгенді.

Шолпы таққанды.

Қамзол кигенді!» – деп жазды Болманов. Бұл жайында stan.kz мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Қарақат Әбілдина 14-мамырдан 15-мамырға қараған түні қыз босанды. Әнші көптен күткен арманына қол жеткізді. Ал әріптестері қызды болған Қарақатқа тосын сый жасады. Кеше 5 баланың анасы атанған Қарақатты перзентханадан шығаруға жүздеген адам жиналған болатын.

Пікір жазу