Гостиницы в Алматы
2017-04-20 17:01:53 62 0

«Оралман» фильмі атажұрттан кетуге мәжбүр болып, бірнеше жылдан соң отанына қайта оралған қандастарымыз жайлы. Фильмнің режиссері – Сәбит Құрманбеков. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ «Қадам» кинокомпаниясымен бірге түсірілген. Бұл жайында baq.kz сайты жариялады.

«Оралман тақырыбы ұлттық проблемалардың ішіндегі ең өзектісі. Менің ағайындас бауырларым кезінде екіге бөлініп, бірі осында қалып, қалғаны Қытай ауып кеткен. Олар алпысыншы жылдары қайтып келді. Алайда Қытайда туған бауырларымызды бөтенси бастадық. Бұл тек қана менің отбасымның емес, барша қазақтың басынан өткен. Бұл біздің психологиямызға кері әсер етті», – дейді фильм режиссері Сәбит Құрманбеков.

  «Шығыс Панорамасы» секциясында биыл 12 елден 15 толықметражды картина ұсынылған. Отандық картинамен қатар бас жүлдеге «Воля отцов» (Қырғызстан), «Ученик» (Сингапур, Германия, Франция, Қытай), «Дом других» (Грузия, Испания, Хорватия, Ресей), «Спрей» (Үндістан), «Сеятель» (Жапония) және басқалар таласады.

Режиссер бұл фестивальдан жеңіс күтпейтінін айтты. Сәбит Құрманбеков үшін бастысы қандастарымыздың осы фильмді көргені. «Оралмандар тек бізде емес еврей, неміс және басқа да халықтарда бар. Біздің ауылда немістер көп болатын. 90-шы жылдары олар Германияға үдере көшті. Алайда олар бірден сол жерге сіңісіп кеткен жоқ. Олардың өз отанының менталитетіне бейімделуі қиын болады. Олар теңіздің ортасында қалып қойған арал секілді болып қалды...», - дейді ол

       Естеріңізге сала кетейік, 35-ші халықаралық Фаджр кинофестивалінің «Шығыс панорамасы» бағдарламасы Тегеран қаласында 21-28 сәуір аралығында өтеді.

 

Пікір жазу