Гостиницы в Алматы
2017-01-04 13:57:34 156 2

Ninety One тобының продюсері Ерболат Беделхан талантты жастарды тәрбиелейтін өнер мектебін ашты деп хабарлайды Гәкку арнасы. 

"Орда" тобының әншісі әрі продюсер Ерболат Беделханның айтуынша, өнер мектебін ашу, оның бала кезінен келе жатқан арманы екен.

Ерболат БеделханЕнді бұл өнер мектебі деп айтуға болады. Өзімнің кішкентай кезімнен армандап келе жатқан сол бір арманым еді. Соған бүгін қолымның жетіп жатқанына шынында қатты қуаныштымын“.

Мектептің ашылуына Ерболат Беделхан ғана емес, продюсерлік орталыққа қатысы барлардың барлығы да қуанышты болды. Сондықтанда, ашылу салтанында қонақтарды Ninety One тобының жігіттері қарсы алды.

Өнер мектебінде музыка, қазақша рэп және би билеу сияқты дүниелерді үйретеді.

Қазіргі заманауи музыкада өлең айтқысы келсе, билеп үйренгісі келсе, мысалы мына қазақ тіліндегі рэп деген мысалы несі бар… Қалай айтамын? Енді-енді тәй-тәй басып келе жатқан жанры деп ашып жатырмыз. Солардың не екенін білгісі келсе“,- деді Ерболат Беделхан.

Продюсердің айтуынша, жас ерекшелігіне шектеу бар.

Басында мен ойлағанмын бір 10 жастан бастап ала беремін ба деп. Бірақ, енді әрине менің… Енді ондай үлкен ауқымды көп адамдарды қабылдай алмаймын өкінішке орай. Сондықтан да, кішкен жаңағы 13-14 жастан бастап ғана қабылдай аламын“,-деді продюсер.

Оқу ақылы болғанымен гранттық бөлім де қарастырылған. Ол үшін қатысушылар өнерлі екенін дәлелдеуі қажет.

Кімде-кім өзінің жаңағы өнерлі екенін көрсетіп жатса, тек ғана мен өзім шешім қабылдаймын ол адамның жаңағы менің былайынша айтқан кезінде қолыма келуі болады. Бұл жаңағы стажер еп айтамыз ғой. Сол кезде ол ақы төлемейді. Керісінше мен оны өз қамқорлығыма аламын деген сөз“,-деді Ерболат Беделхан.

Өнер мектебіне қабылданатын адам санына шектеу бар. Оған не бары 150 өнерпаз іліге алады.

Пікірлер

  • Яссауй Ілесхан
    биыл 11 сыныпты бітіретін едім,өзім рэпті жан тәніммен катты жаксы коремін,осы жылы 11 ді бітірсем сіздердің окуларыңызга туссем болама,өнерімізді сіздің мектебіңізге барып корсетемізба?
  • Яссауй Ілесхан
    биыл 11 сыныпты бітіретін едім,өзім рэпті жан тәніммен катты жаксы коремін,осы жылы 11 ді бітірсем сіздердің окуларыңызга туссем болама,өнерімізді сіздің мектебіңізге барып корсетемізба?

Пікір жазу