Айару Рахат - Астана қаласының №60 мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы, Астана қаласы білім беру басқармасының №1 музыкалық мектебінің "Эстрадалық вокал" сыныбының оқушысы, 4 жасынан вокалмен айналысып, қазіргі таңда биік белестерді бағындырған. Түрлі конкурстардың лауреаты, республикалық "Айгөлек" сазды бағдарламасының белсенді қатысушысы.
Әнмен қоса фортепианода ойнағанды жақсы көреді. Өнерлі қыз ән-күймен қатар, әдебиетті, жануарлар әлемі жайлы кітаптар оқығанды ұнатады. Әдебиетке деген, құс-жануарларға деген қызығушылық арқасында, оны әрі қарай арттыру мақсатында ғылыми жұмыстармен шұғылдануды жөн көреді. Оған дәлел Тауыс құсына зерттеу жүргізіп, Астана қаласының оқушылар арасында өткен ғылыми жұмыстар жобасы сайысында "Тауыс - әдемі құс" тақырыбымен 2 жүлделі марапатқа ие болды.
Енді өнерпаз әншілік қырынан да танылғысы келіп, Арман ағасымен "Алтын ұя - мектебім" әнін орындап, бейнебаян түсірді. Әнді Арман Дүйсеновтың өзі жазған, ал сөзі Асқар Дүйсенбінікі.