"КешYOU" тобының мүшесі Ақбота Сейтмағамбет Инстаграм желісіндегі жеке парақшасына тізесі жыртық шалбармен түскен суретін салып, көрерменнің сынына ілікті, деп хабарлайды Baistars.kz. Қолданушылардың кейбірі "матасын бірдеңе жамауға кесіп алған шығар", "итке таланған шығар", "отыра-отыра тізесі жыртылып кеткен шығар" деп әзілдесе, басқалары "сәннің де шегі бар, мұныңыз артық", "екі тізесін жалтыратып киінуге ұялмайсың ба, халықтың алдында жүрген соң қалай болса, солай киіну ұят емес пе" деп сынағандар да болды. Кейбірі тіпті "Ақбота шалбарды сәндендіру үшін кішкене жыртамын деп қатты жыртып алған-ау" деп болжады.
Бұл суреттің алдында әнші кеудесі ашық көйлекпен түскен суретін салып, тағы да жұрттың сынына ұшыраған еді.

Пікірлер