Сән & дизайн

СӘН ӘЛЕМІ: КИІМ ДИЗАЙНЕРІ

Адам көркі шүберек. Әдемі киім кигенді барлық адам ұнатады. Біреулер сән қуып ең соңғы үлгідегі киімдер киеді. Сол сәнді киімдерді тігіп, өзіндік стилін әлемге танытқан сән мамандары – киім дизайнерлері.

Дизайнер (ағыл.design-жоба, сызба, эскиз; designer- жобалаушы.)- жеңіл өнеркәсіп маманы.

Киім дизайнері  атауы XIX-XX ғасырларда сән саласы жаңа дамып бастағанда пайда болған.

Қазіргі кезде сән саласындағы негізгі мамандық иелері – дизайнер мен модельер. Киім дизайнері – жаңа сән үлгілерін ойластырушы маман. Алдағы уақытта қандай киімдер сәнді болуын, жаңа киімнің үлгісі, түсі, пішіні, матасын киім дизайнер жобалайды. Дизайнер ұсынған үлгінің өңдеу (детальдарының өлшемі, безендіру) істерін модельер орындайды. Осы екі жұмысты бірдей атқаратын маманды дизайнер-модельер деп атайды. Негізі екеуі де бір мамандық. Себебі, жұмысы бірдей: жаңа сәнді киім дайындау.

portrait-of-a-fashion-stylist

Дайын эскизді тігін фабрикаларына бағыттау. Дизайнерлер мен технологтар бірге, жаңа өнім өндіру үшін қажетті техникалық құжаттар жасайды.

Жаңа киімнің жарнамасы, серіктестер табу, сән көрсетілімдерін ұйымдастыру істерінің барлығы дизайнердің міндетіне кіреді.

Киім дизайнерінде болуы керек қабілет, бұлар:

  • Пішім, тігін істеріне икемділік;
  • Киімдер тарихы, түрлі стильдер мен сән бағыттары жайлы білімі болу;
  • Қағазда және компьютерде сурет сала білу;

berufe-in-der-modebranche-557-1743542

  • Көркемдік талғам(түстерді үйлестіру, киім түрлерін үйлестіре білу);
  • Мата түрлері туралы барлық ақпаратты білу;
  • Киімдер, аяқ киімдер мен аксессуарлардың жасалуының барлық кезеңін білу;
  • Жаңа өнімнің дайын бейнесін алдын ала ойша көре білу.

Жеке қасиет:

  • Еңбекқорлық
  • Креативтік
  • Табандылық
  • Ұйымдастырушылық
  • Шыдамдылық

fashion-designer-gift-guide

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

Pitti-Uomo-87-Fall-Winter-2015-Street-Style-Report-41

Қысқы street style образдар

17 рет оқылды03.02.2015
Latest-Denim-Fashion-Trends

Сән 2015: Denim

439 рет оқылды28.01.2015
Ajdaj-Isaeva1

Айдай Исаева «Әлем аруы-2014″ байқауында бақ сынайды

2 569 рет оқылды10.01.2015
photo_12297

Сабина Алтынбекова келгенде Гонконгтағы жанкүйерлері дүрлігіп қалды

2 278 рет оқылды29.12.2014
1088206-690x459

Lacoste өзге сән үрдісіне көшеді

577 рет оқылды27.12.2014
жазба-суреті-690x505

2015 ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЖАРҚЫН ОБРАЗДАР

942 рет оқылды24.12.2014