Гостиницы в Алматы
2016-09-29 15:26:47 40 0

Қазақстандық алты жасар каратэші әлем чемпионы болды

Мумбайда өткен жарыстан 28 жастағы Жанбота Тәшенова мен 6 жасар Джаноб Гафуров, жүлделі оралды.

Оларды Шымкент әуежайында жанкүйерлері мен туыс-туғандары қарсы алды.

Спортшылардың айтуынша, аталмыш әлемдік турнир қазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Жалпы алғанда, шығыс жекпе-жегінің 15 шебері 22 алтын медаль еншілеп қайтты. Ол туралы: «Өте ауыр болды. Үш айдың көлемінде күндіз-түні дайындалдық», — деді Жанбота Тәшенова.

Джаноб Гафуров ата-анасымен
Ал, алты жасар әлем чемпионы Джанобтың ата-анасы ұлдарының жетістігіне қатты қуанды:

«Біз ұлымызды мақтан тұтамыз! Ол Үндістандағы жарыста еліміздің абыройын асқақтатты! Алдағы уақытта да жеңіс тұғыранан түспейтініне сенеміз. Ол Қазақстанның туын барлық жерде биік көтеретін болады!»,-деді олар.

Әлем жеңімпаздары енді қараша айында Францияда өтетін халықаралық турнирге дайындалатын болады.

Ақпарат: szh.kz

Пікір жазу