Гостиницы в Алматы
2016-09-30 16:31:17 110 0

Қазақстандық “Аманат” фильмі “Оскар” сыйлығына ұсынылды

Сатыбалды Нарымбетовтың “Аманат” фильмі “Оскар” сыйлығына “Шет тіліндегі үздік фильм” аталымы бойынша ұсынылды. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлайды.

Тарихи драма белгілі қазақстандық тарихшы Ермұхан Бекмахановтың тағдырын баяндайды. Ол Кенесары Қасымов туралы ғылыми еңбектер жариялаған атағы алысқа кеткен ғалым болды.

Еске сала кетсек, Қазақстан алғаш рет “Оскарға” 1992 жылы фильм ұсына алған еді. Ал 2006 жылдан бері тұрақты түрде жыл сайын халықаралық кино саласындағы ең үздік сыйлыққа ұсынылып келеді.

“Қазақфильм” студиясының өнімі “Аманат” прокатқа 2016 жылдың 19 мамырында шыққан еді. Ермұхан Бекмұхановтың рөлін белгілі қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдады. Ал Кенесары хан рөлін Санжар Мәдиев алып шыққан.

Ақпарат:  stan.kz

Пікір жазу