KF: Жақында аспан асты елінде өткен сән фестиваліне қатысып қайттыңыздар. Сол туралы айтып берсеңіз.
Балнұр Асанова: Ия, Қытай еліне ат басын тіреп, Ұлы Жібек жолына арналған Еуразиялық сән фестиваліне қатысып қайттық. Биыл тұңғыш рет қатысып отырғанымыз жоқ, сондықтан біз үшін жаңалық көп болды деп айта алмаймын. Бұл шараға үшінші жыл қатарынан қатысып келеміз. Біз ұйымдастырушы тарапынан арнайы шақырту алдық. Франция, Голландия, Ресейден келген сәнгерлер қатысты. Сән фестивалі Қытай мемлекетінде үлкен мәдени шара ретінде қолға алынған. Тіпті , шақырту алған күллі қонақтардың жол ақысы, жатын орны барлығы мемлекет тарапынан қаржыландырылған. Бұл аспан асты елінің сән индустриясы мен тоқыма өндірісінің қарқынды дамуының көрсеткіші.
KF: Фестивальге арнайы киім топтамасын дайындадыңыздар ма?
Балнұр Асанова: Ия, топтамамызды «Жібек жолы» деп атадық. Бұл коллекция өзінің этникалық, қазақи стилімен ерекшеленді. «Сымбат» сән үйінің өзіндік стилдік бағыты бар, ол - жарқын түстер, кестелі өрнектер мен заманауи кескін. Сән үйіміздің тарихы тереңде жатыр десем, артық айтпаймын. Алпыс жеті жыл бойы «Сымбат» сән үйі қазақтың ою-өрнектерін түрлендіріп келеді. Осы уақытқа дейін жиырма мыңға жуық өрнек түрін жетілдіріп, киім үлгілерімізде ұсынып келеміз. Тіпті Еуропа мен Орталық Азиядан арнайы келіп, біздің өңдеп шығарған қазақша оюларымызды ғылыми жоба ретінде қорғап жатқандары да бар. Әрине, шет елде біздің ұлттық нақыштырға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді.
KF: Ал киім киюде Еуропалық сән мен Азиялық сәннің қандай да бір ерекшеліктері бар ма?
Балнұр Асанова: Қатты бөліп жаруға келмес. Дегенмен, Шығыс сәні өзінің жарқын мәдениетімен ерекшеленеді. Біздің елде байсалды батыстық сән бағытымен, консерваторлық шығыс мәдениеті тоғысқан. Сондықтан болар,қазақстандықтар барлық стильдерді үйлестіріп өзіндік «микс» жасап алған.
KF: Біздің елде танымал, табысты сәнгер болу үшін не қажет?
Балнұр Асанова: Пиар! Негізі барлығы ақшаға келіп тіреледі. Қаражатың болса, пиар да, таныс та барлығы болады. Біздің елде пиар көп қаржыны талап етпейді. Сән апталықтарында тілшілер келіп, «Екі жүз доллар төлесеңіз, тек сіз туралы жазамыз» - деп, ұсыныс жасап жатады. Енді барлығына бірдей топырақ шашпай-ақ қояйын. Бірақ, бізде бұл белең алған құбылыстардың бірі. Осыдан он жыл бұрын Мәскеуде сән апталығына қатысатын болдық. Сонда Қазақстанның атынан осындай ірі мәдени шараға қатысқалы жатырмыз. Жергілікті арналардың біріне барып, «Мәскеулік сән апталығында Қазақстанның атынан шығамыз, соны түсіріп алыңыздар» - дегенімде, мың доллардай сұрағаны бар. Міне содан бері, шыны керек ақпарат құралдарына онша сене бермеймін.
Табысты, танымал сәнгер болу үшін жоғарыда айтып өткенімдей қаражат қажет. Себебі, қаншалықты дарынды сәнгер болмасын, қаражат яғни жарнама болмай, ол халықтың көзіне түспейді. Халық оны танымаса, білмесе оның шығарған киімін де кимейді.
KF: Оқырмандарымызға күз-қыс маусымында сәнді болатын трендтер туралы айтып берсеңіз...
Балнұр Асанова: Джинсы - әрдайым сәннің шыңында болмақ. Табиғи таза маталардан, жүннен тоқылған киімдер биылғы жылдың негізгі тренды. Тиісінше табиғи реңктер де сәнді болмақ. Әсірісе қоңыр,ақшыл сары, қою сарыларды атап өтуге болады.
KF: Ендігі кезекте біздің оқырмандарымызға айтар тілегіңіз...
Балнұр Асанова: Барлық қазақстандықтарға айтар тілегім - тек экологиялық таза өнімдерді пайдаланыңыздар! Денсаулықтарыңыз мықты, жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!
KF: Сұхбатыңызға үлкен рақмет!