Гостиницы в Алматы
2017-07-12 11:46:40 25 0

Ерекше рэп айту өнерімен қазақстандық және әлемдік БАҚ-ты дүр сілкінткен 78 жастағы Мариям Амраева танымалдылықтың оған қатты ұнап қалғанын айтты.

“Немерем ұсыныс жасағанда басында ойланып, артынан келістім. Зейнетке шығамын дегенше ауылда жұмыс істедім. Ал қазір немерелеріме қарап отырмын. Кейде көпшілікпен бірге ән айтқанымыз болмаса, шығармашылықпен айналысып көрмеген едім”, – дейді рэпер әже. Бұл жайында Sputnik Казахстан хабарлады.

Қазір танымалдылыққа үйренген әжей онлайн-трансляция арқылы оқырмандарымен де тілдеседі екен. Сондай-ақ өмірге құштар жан салауатты өмір салтын ұстанып, әлеуметтік желіні де жиі пайдаланады.

“Рэп оқыған өлең айтқанға қарағанда оңай. Мен өзім солай түсінемін. Әр сөзді жеткізе білуге тырысамын”– деді өз сөзінде.

Ал рэперлерден Мариям әжейге Тимати мен Егор Крид ұнайды екен.

Пікір жазу