Гостиницы в Алматы
2017-07-12 12:27:55 82 0

Әлемнің музыка өнерінде айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Танымал Verlag Neue Musik атты неміс журналы мұқабасына қазақстандық 18 жасар данышпанның туындысы басылып шықты. Бұл жайында «Хабар-24» арнасы хабарлады.

Рахат-Би Әбдісағын – туындысы беделді басылымның бетіне шыққан еліміздің алғашқы композиторы. Бұл басылымда әлемнің тек танымал тұлғаларының заманауи туындылары жарық көреді. Атап айтқанда Бах, Моцарт, Шопен секілді композиторлардың  шығармашылығы жарияланған екен. Енді Рахат-Бидің «Живопись в звуках» туындысын да осы журналдың мұқабасынан таба аласыздар.

«Біздің басылымнан ағылшын, қытай, италия елдерінің композиторларын таба аласыздар. Ал Қазақстаннан тіркелген бірінші композиция Рахат-Бидікі. Біз қазақстандықпен келісімшарт жасағанымызға қуаныштымыз»,- деді аталмыш журнал редакторы Кристоф Таггатц

Ал жас композитордың өзі «Үлкен арманым Қазақстанды таныту. Қазақтың ән әлемін дүниежүзіне танытқым келеді»,- деді өз сөзінде.

Айта кетейік, Әбдісағын Рахат-Би 18 жасына дейін магистратураны аяқтап, 100-ге  тарта туынды жазған.

Пікір жазу