Гостиницы в Алматы
2017-07-13 16:06:54 393 0

Қазақстандық жұлдыздар жүктілік кезінде жинап алған артық салмақтан қалай арылғандарын 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтып берді.

“Мен салмағымды ешуақытта өлшеген емеспін. Алекске жүкті болған кезімде салмағымды бақыладым. Ал Лизада мүлдем мұндай болмады. Мен кез келген салмақтан арыла алатыныма сенімдімін. Дәрігерлер менен “Соңғы салмағың қанша?” деп сұраған болатын. Ал сахнаға шамамен тамыз айында ораламын деп ойлаймын”, – дейді Диана Шарапова.

Ал Бүркіттің келіншегі аз уақыт ішінде бұрынғы дене сымбатын қайтара алатынын айтып жатыр. “Бірінші рет жүкті болғанымда 25 кг, екінші рет жүкті болғанымда 12 кг салмақ қосқан болатынмын. Алғашында өзімді қалыпқа келтіру үшін көп уақыт жұмсадым. Бірақ, ұлдарымды омырауыммен емізбеген жағдайда небәрі екі ай ішінде қалыпқа келе аламын. Оның үстіне диета ұстау маған қиындық тудырмайды. Спортпен айналысқанды да жақсы көремін”, – дейді.

Қыз күнінде спортпен тұрақты түрде шұғылданған Айнұр Ілиясова артық салмақтан арылуда еш қиналмағанын айтады. Десе де, қазір өзіне көңіл бөлуге уақыты жоқ екенін жасырмады.

“Аяғым ауыр кезде мен бассейнде жүздім, йогаға бардым. Әрдайым дұрыс тамақтануға тырысамын. Бірақ, босанған соң йогаға немесе бассейнге бардым деп айта алмаймын. Қызым еңбейтей бастағалы, үйде жаттығулар жасауды қойдым. Десе де, екі аптаның ішінде жүктілік кезінде қосып алған 8-10 килограммнан арылдым.

Құрметті оқырман, сіздің өз сымбатыңызға көңіліңіз толады ма?

 

Пікір жазу