Аида Кауменова – қазақстандық табысты жас дизайнер. Рret-a-porter de lux топтамаларын жасайтын Aida Kaumenova сән үйі бірнеше жылдан бері осы төл маркамен киімдер шығаруда. Бұл бренд қазір Қазақстанда және өзге елдерде танымал болып жүр.
А. Кауменова Таллдықорған қаласында өмірге келген. Мектепте білім алумен қатар, ол өнер мектебіне барып жүреді. 1997 жылы Алматы Технологиялық университетін инженер-конструктор-модельер» мамандығы бойынша аяқтады. 2002 жылы Италияға кетіп, «Carlo Во» италяндық сән мектебінен тәлім алады. «Daraleque» сауда белгісінің арт-директоры және дизайнері болды. Бұл лауазымнан кеткен соң, ол өзінің «Aida Kaumenova» сән үйінің негізін қалады. Әрбір сән үйінің өзіндік қолтаңбасы болады. Бұл сән үйінің қолтаңбасы –сезімге толы шығыс әйелінің бейнесі. Топтамаларды көбіне шығыстық бағытта тігілген шапандар, ханшайымның тәжі, ұзын, нәзік көйлектер басым болып келеді.
Дайындалатын киімнің сапасы бойынша еуропалық брендтермен иық теңестіре алатын, бәсекеге қабілетті мекемеге айналды. Қарқынмен дамып келе жатқан сән үйі қазақстандық ұлттық компаниялармен табысты әріптестік байланыста. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен, Astana Opera – Қазақстандағы ең басты мәдени орталықтың бірі, опера және балет театрымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Сонымен қатар «Алтын сапа» президенттік сыйлығы аясында ұйымдастырылған концерттің жүргізушілеріне, «Пекин» олимпиадасына қатысушы спортшыларға өз киімдерін ұсынған болатын. Сонымен қатар сән үйінің клиенттері – теледидар, шоу бизнес жұлдыздары, бизнес-элита өкілдері, ірі ұлттық компаниялар. Аида Кауменова өзінің кәсіби шекарасын кеңейте отырып, қазақстандық брендті үлкен талғаммен жасап шығаруда. Бірнеше жылдық тынымсыз еңбектің нәтижесінде қазақстандық және шет елдік нарықта айтарлықтай абыройға ие болды. Тұрақты әрі жаңа тапсырыс берушілердің үлкен сұранысына ие. 2010 жылы Aida Kaumenova бренді «Алтын сапа» президенттік сыйлығын алса, 2013 жылы «Люкс класының отандық дизайнері» номинациясы бойынша Luxury Lifestyle халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Қайталанбас стиль мен заманауи ерекшелікті назарға алатын сән үйінің «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығында жылына екі рет көрсетілімі болып тұрады.
Бүгінгі күні Сән үйінің дүкендері Астана және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Бас қаланың «Керуен» сауда үйінен, «Сарыарқа» сауда орталығының «Red Carpet» мультибрендтік дүкенінен таба аласыз. Алматы қаласындағы тұрғындар үшін бренд өнімдерін «Алмалы» сауда орталығының Backstage Showroom мультибрендтік дүкені ұсынады. Осы жылы «Dostyk Plaza» сауда орталығынан дүкен ашу жоспарланып отыр.
Отандық әйгілі дизайнер Аида Кауменова «Жұлдыздар отбасы» журналына берген сұхбатында: «... алдағы уақытта әйелдер үшін жабық киім сәнге айналады. Мен бұл жерде хиджабты меңзеп тұрғаным жоқ. Бірақ қыз-келіншектердің ашық-шашық, тырысқан киімдері ескіліктің ұшқыны болып қалмақ. Тым қысқа немесе дене сымбатын айқын көрсететін киімдер сәннен шығып, кең көйлектер сәнге оралуда...» – деген болатын. Шын мәнінде өзіміз байқап жүргендей барынша жабық әрі қарапайым стильдегі ұзын көйлектер, белдемшелер сәнге оралып, қысқа, ашық киімдер сұраныстан шығып жатқаны байқалады. Назарларыңызға Aida Kaumenova брендінің біздің эстарада жұлдыздарына арнап тігілген үлгілерін ұсынып отырмыз.
1. Кешью тобының суреттегі киім үлгілерінің және бас киімдер дизайнын Aida Kaumenova сән үйі ұсынған.
2. Іңкәр тобы "Қыз сыны" әнінің клипінде Aida Kaumenova брендінің дизайынын таңдады.
3. Баян Есентаева бренд өнімдерін жоғары бағалайды.