Гостиницы в Алматы
2017-02-10 19:27:00 2237 0

Ресейлік "Серебро" тобының әншісі Ольга Серябкина RuTv телеарнасында тікелей эфирде "Қазақстанға түкіргенім бар" деп айтып қалды. Әртістің нақты нені меңзегені, қандай мақсатта айтқаны әзірге белгісіз.

Эфир 9 ақпан күні 15:30-да жүрген. Кадрдан "Казахстан? Плевать на Казах.." деп сөздер естуге болады.

Қазақстандық интернет-қолданушылар әншіге деген өз наразылықтарын білдіріп, оны елге кіргізбеу туралы ұсыныстар айтуда.

"Серебро" тобының өкілі Елена Вакулина Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әртістердің қазіргі уақытта демалып жатқанын хабарлады. "Бұл сөздердің қандай контекстте айтылғанын түсіну керек. Әрине, түсінбестік. Бұл ойын болған. Бүгін Оля видеоүндеу жасайды", - деді Вакулина.

"Серебро" - 2006 жылы құрылған ресейлік топ. Құрамына Ольга Серябкина, Полина Фаворская және Екатерина Кищук кіреді. "Мама Люба", "Дыши", "Давай держаться за руки" секілді танымал әндерді орындайды.

 

Пікір жазу