Гостиницы в Алматы
2017-02-10 12:56:47 490 0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың танымал адамдарының рейтингінде бірінші орында тұр. Бұл туралы әртістің менеджері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram-парақшасында хабарлады. 

"Қытайда әр апта сайын жұлдыздардың (тек әншілер емес, актер, жүргізуші, т.б.) танымалдылық рейтингісі жарияланады. Ғаламторда есімдерінің көп пайдалануы, ғаламтордағы ізделуі, әртістің видеоларының көрсетілімі бойынша, телеарнадағы рейтингі т.б. есептелінеді. Димаш екінші апта қатарынан 1-орында!" - деп жазады ол.

Қытайда әр апта сайын жұлдыздардың (тек әншілер емес, актер, жүргізуші т.б) танымалдылық рейтингісі жарияланады. Ғаламторда есімдерінің көп пайдалануы, ғаламтордағы іздеуі бойынша, әртістің видеоларының көрсетілімі бойынша, телеарнадағы рейтинг т.б есептелінеді. Назарларыңызға осы аптадағы Қытай танымал жұлдыздарының Топ 10-ы: Димаш @kudaibergenov.dimash екінші апта қатарынан 1 орында! 👍 🇰🇿 @asharimov #china #beijing #TOP10 #TheSingerDimash #DQ #dimash #Dimaxi

Фото опубликовано Alpamys Sharimov (@asharimov)

Димаш осының алдында Қытайдағы "Singer" байқауының төртінші кезеңіне қатысқан болатын. Hunan TV телеарнасы оны 11 ақпанда Астана уақыты бойынша 20:30-да көрсетеді.

Әнші 4 ақпан күні Қытайдың "Singer" жобасының үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. Жалпы есепте бірінші болып тұр.

28 қаңтар күні Димаш "Опера №2" әнін айтып, 2-кезең бойынша бірінші орын алған еді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

"Singer" жобасының көрсетілім кестесі туралы осы сілтемеден біле аласыздар.

 

 

Пікір жазу