Гостиницы в Алматы
2017-02-10 19:43:34 2423 1

RuTv арнасында эфирде "Қазақстанға түкіргенім бар" деп айтып қалған ресейлік "Серебро" тобының әншісі Ольга Серябкина аталған жағдайға қатысты видеомәлімдеме жариялады деп хабарлайды Baistars.kz тілшісі.

Видеомәлімдеме әншінің жеке парақшасында жарық көрді.

"Тікелей эфирде Катя екеуміз "Мортал Комбат" ойнап отырғанда болған жағдай туралы түсінік бергім келеді. Әрине, бұл түсініспеушілік, мұндай жайттың орын алғаны маған оңай соққан жоқ. Мен жаман ештеңе айтқым келген жоқ, біреуді ренжіту де ойымда болмады. Қойылған сұраққа рефлекспен жауап бере салдым. "Мортал Комбат" ойнаған адамдар біледі, бұл ойын адамды иіріп әкетеді, айналаңда не болып жатқанын ұмытып кетесің. Маған қойылған сұрақтар ойнауыма бөгет болды. Не айтқанымды түсінген кезде кілт тоқтап, сөзімнің аяғын жұтып қойдым. Себебі мен өмірімде мұндай сөзді арнайы бір мақсатпен айтпас едім. Шын жүректен кешірім сұраймын және түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін", - дейді әнші.

Еске сала кетейік, бұған дейін тікелей эфирде "Серебро" тобының мүшесі "Қазақстанға түкіргенім бар" деп айтып қалған болатын. Қазақстандық интернет-қолданушылар оның бұл сөзіне наразы болып, топтың Қазақстанға кіруіне тыйым салуды талап еткен еді.

Пікірлер

  • Bisali
    Кеширмеймин

Пікір жазу