Гостиницы в Алматы
2017-04-15 00:19:51 123 0

«АллДавай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы мен кәсіпкер Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталова мамыр айында шаңырақ көтереді.

“Анель – қарапайым, шоу-бизнеске қатысы жоқ қыз. Тойды оразаға дейін, мамырда өткізгіміз келеді”, – деп хабарлады Шоқан Маратұлы.

Ол болашақ жарының Райымбек Баталовтың қызы Анель екенін растады. Әнші тойдың қалай өтетінін әзірше айта алмады: “Ұйымдастырып жатырмыз, сондықтан айта алмаймын”, – деді өз сөзінде.

Шоқан сүйіктісіне 7 сәуір күні кинотеатрда ұсыныс жасаған.

Айта кетейік, ғашықтар Шоқан мен Анель 2016 жылдан бері бірге. Ал, Шоқанның шын есімі – Шухрат Умаров.

Райымбек Баталов – бизнесмен,”Алматы зообағына әлеуметтік көмек” қорының басшысы, «Raimbek» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы. Ол Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең беделді 50 бизнесменінің қатарына кіреді.

«АллДавай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы мен кәсіпкер Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталоваға мамыр айында шаңырақ көтереді.

 

Пікір жазу