Гостиницы в Алматы
2017-04-17 12:02:37 128 0

Сәуірдің 17-і күні  Бейжіңде «Beijing Concert Hall» сахнасында Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Концерт«Жарқын Жібек жолы бойындағы кездесу» деп аталады.

Бұл жайында қазАқпарат хабарлады. 

Концерт «Beijing Concert Hall» сахнасында өтеді (басталуы Бейжіңнің жергілікті уақыты бойынша сағат 19-30-ға жоспарланған. Концертке сонымен қатар қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы, баритон Азат Мәлік, «Шат» фольклорлық ансамблі, Қазақстанның скрипкашылар ансамбльі, қытайлық дирижер Тао Фан, Қытайдың ұлттық телевизия және радиосының симфониялық оркестрі мен өзге де әртістер қатысады.

Естеріңізге сала кетейік,   Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Singer 2017» байқауының финалында екінші орын алды.

 

Пікір жазу