Қостанайда «Алтын микрофон» атты жоғары деңгейдегі халықаралық жастар вокалды конкурсы басталды. Байқауға 9-21 жас аралығындағы өнерпаздар үміткер.
Kazinform.kz-тің хабарлауынша, байқауға бірнеше елден 53 үміткер келген. Олардың арасындағы ең үздіктерін Болгария, Литва, Қазақстан мен Ресей сияқты елдерден келген интернационал әділқазылар алқасының мүшелері анықтайды. Қостанай облысы мәдениет басқармасының бас маманы Азиза Мұстафинаның айтуынша, 14 жылдан бері ұймыдастырылып келе жатқан байқау биылғы жылы тек балаларға ғана арналып қоймай, жастар мәртебесіне де ие болған.
«Алтын микрофонның» жеңімпазы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тағайындаған гран-при сыйлығына ие болады. Басты сыйлықтың құны 300 мың теңгені құрайды. Конкурс 3-күнге жалғасады және 27 сәуір күні гала-концерпен аяқталады.