Гостиницы в Алматы
2017-05-12 13:10:40 153 0

Әлем таныған әйгілі футболшы Лионель Месси үйлену тойын жасайтын уақытты белгіледі. 8 жылдан бері отасып келе жатқан Месси мен Антонелла бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр.

"Барселона" клубының көшбасшысы 30 маусым күні үйлену тойын жасамақ. Футболшы азаматтық некедегі сыңары Антонелла Рокуццоға үйленеді. Үйлену тойы туған қалалары Росариода өтеді деп күтілуде. Атаулы мерекелеріне 700-ге жуық қонақ шақыруды да жоспарлап отыр екен. Бұл жайында vesti.kz hola.com-ға сілтеме жасап хабарлады.

Айта кетейік, 8 жылдан бері отасып келе жатқан Месси мен Антонелла бүгінде екі ұл тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Тьяго – 5 жаста, Матео – 2 жаста.

 

Пікір жазу