Гостиницы в Алматы
2017-05-11 18:36:06 273 0

«ХАЛҚЫМ СҮЙГЕН ӘНДЕР-АЙ»  КЕШІНЕ КЕЛГЕН ЖҰЛДЫЗДАРҒА МАРАТ ОМАРОВ ТОСЫН СЫЙ ӘЗІРЛЕГЕН

«Халқым сүйген әндер-ай» деген атаумен  өнер әлеміндегі 30 жылдығын атап өткен Марат Омаров шығармашылық кешінде бой көрсеткен барлық әншілерге тосын сый әзірлеген.

Шығармашылық кеште өнер көрсеткен әр жұлдыз Түркияға 5 күндік жолдама алған.

«Жолдама беру мақсатым, бұл екі елдің достығы, өнер додасында, киелі сахнада, өнер шаңырағында бірге болу. Кешке келген әр әншіге жасаған тосын сыйымыз», – дейді композитордың өзі.

Марат Омаров осы уақытқа дейін 400-ге жуық әнді дүниеге әкелген. Ал, концерттік бағдарламаға кең таралған туындыларын тоғыстырырыпты. Ең таңдаулы тректердің тізімінде бала Мейрамбектің актерлық қырын танытқан «Алғашқы махаббат» әні де бар. Өнер сахнасында жүрген талай тарлан бұл кеште Марат Омаровтың әндерін орындады.

Пікір жазу