Гостиницы в Алматы
2017-01-09 12:04:31 332 1

Асхат Тарғын мен Ринат Зайытов сөзге келіп қалғандарын жоққа шығарды (ВИДЕО)

Әнші Асхат Тарғын мен ақын Ринат Зайытов БАҚ-та жарияланған өздері туралы "жанжалдасып қалды" деген ақпаратты жоққа шығарып, видео жариялады. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.

"Екі-үш күннен бері әлеуметтік желіде, неше түрлі сайттарда Ринат досым екеумізді төбелесті, керісті, шатасты деген лақап әңгімелер тарап кетті. Сондықтан сіздерге айтар жауабым: сенбеңіздер. Біз Ринат екеуміз өнерде де, өмірде де доспыз. Соны сіздерге айтқым келеді", - дейді Асхат Тарғын.

Өз кезегінде Ринат Зайытов мұндай ақпарат таратушыларға "біреу туралы өтірік айтатын болсаңыздар, кішкене жарасатындай қылып айтыңыздар" деп "кеңес" берді.

Естеріңізде болса, осыған дейін Сәкен Майғазиевтің туған күнінде Ринат Зайытов пен Асхат Тарғын арасында жанжал пайда болып, төбелесіп қалыпты деген лақап әңгіме тараған болатын.

Пікірлер

  • 2017-01-09 17:28:01
    Асхат сыз жеке омргк коз карасынз калай сыз отбасын куруга кызнз калай карайды! Меным есымым Асемхан лашын

Пікір жазу